Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша семинар өткізілді

Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша семинар өткізілді

2026 жылғы 12 ақпан Қостанай көліктегі бөлімшелік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандары «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Қостанай» Халықаралық әуежай» АҚ борттық тамақтану цехының қызметкерлері үшін «Салауатты өмір салтын насихаттау» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында қатысушылар денсаулықты нығайтуға және аурулардың алдын алуға бағытталған салауатты өмір салты қағидаларымен таныстырылды. Медицина қаншалықты дамыған болса да, ол адамды барлық аурудан толықтай қорғай алмайды. Әр адам – өз денсаулығының иесі, сондықтан оны сақтау және нығайту өз қолында. Салауатты өмір салтының негізгі қағидаларын ұстанатын адам үйлесімді, белсенді әрі ұзақ өмір сүруге мүмкіндік алады. Салауатты өмір салты алға қойған мақсаттар мен міндеттерді орындауға, жоспарларды табысты жүзеге асыруға, қиындықтарды еңсеруге және қажет болған жағдайда жоғары жүктемелерге төтеп беруге көмектеседі. Мықты денсаулық – ұзақ әрі қуанышты өмірдің кепілі. Денсаулық – әр адамның жеке қазынасы және бүкіл адамзаттың баға жетпес байлығы. Өз денсаулығыңызды нығайтудың ең тиімді жолы – салауатты өмір салтын ұстану. Іс-шара соңында қатысушыларға өзекті тақырыптар бойынша ақпараттық жадынамалар таратылды.