Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша құқықтық оқыту өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша құқықтық оқыту өткізілді

2026 жылғы 10 ақпан Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Басқарма мамандары арасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің атына жолданған Бас көлік прокуратурасы 2025 жылғы 29 желтоқсандағы №2-19-25-07695 заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсынысымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелерінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №145-НҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартымен танысу бойынша жалпыға бірдей құқықтық оқыту өткізді. Жиын барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік автокөлік құралдарын жеке мақсаттарында заңсыз пайдалану фактілерінің жиілеп кету мәселелері қаралып, талқыланды. Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде қызметтік автокөлік құралдарын заңсыз пайдалану сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы өзекті мәселелердің бірі екені атап өтілді. Сонымен қатар лауазымды тұлғалар өз қарауындағы қызметтік автокөлік құралдарының заңсыз пайдаланылуына жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс екені айтылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты – санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін белгілеу.