Қызылша және Нипах вирусы бойынша семинар өткізілді

Қызылша және Нипах вирусы бойынша семинар өткізілді

2026 жылғы 11 ақпан

Қызылша және Нипах вирусы бойынша семинар өткізілді. Халық арасында қызылша және Нипах вирусы туралы ақпараттық-түсіндіру мақсатында Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының маманы «Марал-Нұр» ЖШС №117 «Қызылорда–Павлодар» жолаушы пойызы жолсеріктеріне семинар өткізді. Семинар барысында эпидемиологиялық жағдай, ауру белгілері, таралу жолдары және алдын алу шаралары түсіндірілді. Үндістандағы Нипах вирусының эпидемиологиялық жағдайына байланысты Қазақстан шекарасында санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілген, алайда елге вирус әлі келмеген және эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Нипах вирусы жануарлардан (жарқанаттар, шошқалар) және адамнан адамға жұғады. Сондай-ақ ластанған тағамдар мен сусындар арқылы берілуі мүмкін. Ауру жоғары температура, бас ауруы, әлсіздікпен, ауыр жағдайларда орталық жүйке жүйесінің зақымдануы және пневмониямен сипатталады. Арнайы емі жоқ, медициналық көмек симптоматикалық.