Қызылша ауруының алдын алу

Қызылша ауруының алдын алу

2026 жылғы 12 ақпан

Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту мақсатында ЖШС «Теміржолсу-Қызыл-Орда» су тоғаны мен өндірістік зертханасы қызметкерлеріне «Қызылша» тақырыбында семинар өткізілді. Қызылша — дене қызуының 38–40°С-қа дейін көтерілуі, жалпы әлсіздік, бас ауыруы, тәбеттің төмендеуі, ұйқының бұзылуы, шырышты қабаттардың қабынуы және кейіннен бір-біріне бірігіп шығатын қызғылт немесе қызыл дақ түрінде бөртпе пайда болуымен сипатталатын жіті инфекциялық ауру. Вирус ауа-тамшы жолы арқылы, түшкіру және сөйлесу кезінде таралады. Инфекция көзі – науқас адам.Семинар барысында қатысушыларға алдын алу шаралары түсіндіріліп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап берілді.