
2026 жылғы 11 ақпанда Қостанай бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары арасында «Еңбек қатынастары туралы: Мемлекеттік қызметшілердің ішкі еңбек тәртібін сақтау» тақырыбында еңбек заңнамасы бойынша семинар-оқытуды өткізілді.
Семинар-оқытудың мақсаты еңбек заңнамасын, яғни мемлекеттік қызметшілердің ішкі еңбек тәртібін сақтауын түсіндіру болды.
Семинарға қатысушылар еңбек тәртібін сақтау туралы хабардар етілді. Жұмыс уақыты - еңбек ұйымдастырылуының ең маңызды мәселелерінің бірі. Еңбек тәртібі мен жауапкершілік бір-бірінен ажыратылмайды. Мемлекеттік қызметшілер еңбек тәртібін сақтауға, өз лауазымдық міндеттерін заңнамаға сәйкес орындауға міндетті, бұндай міндеттерді бұзу тәртіптік жауапкершілікке әкелуі мүмкін.
Семинар қорытындысы бойынша еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған міндеттер айқындалды. Семинар соңында қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.