
09.02.2026 ж. Жамбыл бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жалпыға бірдей оқу семинары өткізілді. Семинардың мақсаты – қызметкерлердің антикоррупциялық мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу. Жұмыс барысында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі талаптары, қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдаланудың құқықтық салдары, мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда іс-қимыл жасау алгоритмі және мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ашықтық пен адалдық қағидаттарын сақтау мәселелері талқыланды.