Нипах ауруының белгілері және жұғу жолдары

Нипах ауруының белгілері және жұғу жолдары

2026 жылғы 12 ақпанда
Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының 2026 жылға арналған негізгі ұйымдастыру іс-шаралары жоспарына сәйкес, ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту мақсатында Шиелі теміржол вокзалы қызметкерлеріне онлайн форматта WhatsApp қосымшасы арқылы «Нипах ауруының белгілері және жұғу жолдары» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысында Нипах вирусы туралы ақпарат берілді. Вирус алғаш рет 1998 жылы Малайзиядағы індет кезінде Малайя университетінің медицина факультетінің зерттеушілері анықтады. Науқастардың көпшілігі университет медициналық орталығына жіберіліп, сол жерде емделді. Вирус 1999 жылы оқшауланып, ресми түрде сипатталды. Ауру Малайзиядағы Сунгай-Нипах ауылының атымен аталған.
Шошкалардан да жұқтыруға бейім болғандықтан, Малайзия билігінің 1999 жылғы шешімі бойынша миллиондаған жануарлар жойылып, аурудың таралуын тоқтату тиімді болды.
Семинарда Нипах вирусының симптомдары мен таралу жолдары, алдын алу шаралары да түсіндірілді.