«Нипах ауруының белгілері мен жұғу жолдары» тақырыбында семинар өткізілді

«Нипах ауруының белгілері мен жұғу жолдары» тақырыбында семинар өткізілді

2026 жылғы 12 ақпанда

«Нипах ауруының белгілері мен жұғу жолдары» тақырыбында семинар өткізілдіҚызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының 2026 жылға арналған медиа-жоспарына сәйкес, ЖШС «Теміржолсу-Қызыл-Орда» су тоғаны және өндірістік зертхана қызметкерлеріне Нипах вирусының алдын алу мәселелері бойынша семинар өткізілді. Семинар барысында Нипах вирусы тудыратын инфекцияның белгілері мен таралу жолдары түсіндірілді. Ауру белгілері қызба, жөтел, бас ауруы, бұлшықет ауыруы, әлсіздік пен сананың шатасуына дейін көрінуі мүмкін. Ауыр жағдайларда энцефалит дамуы ықтимал. Вирус негізінен жеміс жарқанаттары арқылы таралады, сондай-ақ адамнан адамға және жануарлардан жұғуы мүмкін. Арнайы емі жоқ, емдеу демеуші терапиямен шектеледі. Алдын алу шаралары – жабайы жануарлармен байланыстан аулақ болу, шикі құрма шырынын тұтынбау және жеке гигиенаны сақтау. Қатысушыларға тиісті түсіндірме беріліп, сұрақтарына жауап берілді.