Атмосфералық ауаны санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүргізу

Атмосфералық ауаны санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүргізу

04 ақпан 2026 жыл

Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Қарағанды облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалымен бірлесіп теміржол көлігінің әсер ету аймағындағы Қарағанды-Жолаушылар және Қарағанды-Жаңа станцияларында атмосфералық ауаға санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг (СЭМ) жүргізді.

Мониторингтің мақсаты – ауа сапасын жүйелі бақылау және халық денсаулығына ықтимал қауіптерді уақтылы анықтау. Зерттеу барысында аэрозольдер, шаң, азот диоксиді (NO₂) және басқа да ластаушы заттардың деңгейі анықталды.

СЭМ қорытындысы бойынша шекті рұқсат етілген концентрациялардан асу фактілері тіркелген жоқ. Дегенмен, тұрғын аймақтар мен теміржол желілеріне жақын аумақтарда тұрақты бақылау жүргізу қажеттілігі сақталады.