2026 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне қарасты Астана қаласының санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің Ақтөбе қаласындағы санитариялық-карантиндік бақылау бекеті мамандары Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы қызметкерлеріне «Нипах вирустық инфекциясының алдын алу шаралары» тақырыбында инструктаж өткізді. Сонымен қатар әуежолаушыларға ақпараттық жадынамалар таратылды.
Нипах вирусы алғаш рет 1998 жылы Малайзия мен Сингапурда тіркелген. Кейін Үндістанның Батыс Бенгалия және Керала штаттарында ауру жағдайлары анықталған. Инфекция адамға ауру жануарлардан (жарқанаттар, шошқалар), ластанған жеміс-жидек пен құрма шырыны арқылы, сондай-ақ науқас адаммен тығыз қарым-қатынаста жұғуы мүмкін.
Аурудың белгілері: дене қызуының көтерілуі, жөтел, тамақ ауруы, әлсіздік, құсу, ауыр жағдайда – есінің бұзылуы.
Алдын алу шаралары:
•жабайы жануарлармен байланыстан аулақ болу;
•жеке гигиенаны сақтау, қолды жиі жуу;
•шикі немесе жуылмаған жемістерді тұтынбау;
•ауру белгілері пайда болған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну.