Жолсеріктермен семинар-кеңес өткізілді

Жолсеріктермен семинар-кеңес өткізілді

2026 жылғы 10 ақпанда Ақмола бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Nomadas» ЖШС-нің №56 «Көкшетау–Қызылорда» жолаушылар пойызының жолсеріктерімен семинар-кеңес өткізді.
Іс-шара «Пойыздарды жолаушы тасымалдауға дайындау» және «Халықаралық қатерлі ісікке қарсы күрес күні» тақырыптарына арналды. Семинар барысында қатерлі ісіктің алдын алу, скринингтің маңыздылығы және ерте диагностиканың тиімділігі түсіндірілді.
Сонымен қатар жолаушылар вагондарын рейске дайындау талаптары, оның ішінде техникалық қызмет көрсету, дезинфекциялау, сумен жабдықтау және санитариялық жағдайын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Ақауы бар вагондарды пайдалануға жол берілмейтіні атап өтілді. Семинар соңында қатысушылар өз сұрақтарына жауап алды.