
2026 жылғы 10 ақпанда Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары теміржол көлігі объектілерінде инфекциялық, паразиттік және кәсіптік аурулардың алдын алу мақсатында «А» вирустық гепатит, адам папилломавирусы және қызылша тақырыптарында ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізді.
Іс-шара Қарағанды-жолаушылар станциясында «Вагон-сервис» АҚ Жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Ақмола филиалының Қарағанды телімінің жұмысшылары арасында өткізілді.
Дәріс барысында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді, өзекті тақырыптарға арналған жадынамалар мен брошюралар таратылды.