
2026 жылғы 4 ақпанда Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы ТОО «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» «Қызылорда» филиалы Сексеуіл пайдалану локомотив депо қызметкерлері арасында «Қызылша» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинар өткізді.
Қызылша – кең таралған, өте жұқпалы инфекциялық ауру. Бастапқы белгілері: дене қызуы 38–40°C, мұрын, көз, тамақ қабынуы, теріде бөртпе. Бөртпе алғашында бет пен басында пайда болып, дене бойына тарайды. Ауру көбіне 14 жасқа дейінгі балаларда анықталады, олардың көпшілігі вакцинацияланбаған.
Қызылшаның жалғыз тиімді алдын алу құралы – вакцинация. Балаларға жоспарлы вакцинация екі кезеңде жүргізіледі – 12 ай және 6 жас. Ересектерге екпе тегін және тіркелген емханаларда қолжетімді. Ауру ошағында эпидемияға қарсы шаралар жүргізіледі: контактты адамдар тексеріліп, қажет болса оқшауланады.