
2026 жылғы 4 ақпанда Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы ТОО «Қамқор Локомотив» Сексеуіл локомотив жөндеу депосы қызметкерлері арасында «Салауатты жұмыс орындары» және «Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинар өткізді.
Семинарда салауатты жұмыс орны мен еңбек қауіпсіздігінің мәні түсіндіріліп, негізгі іс-шаралар қарастырылды:
Қызметкерлердің денсаулығын сақтау: жыл сайынғы тексерулер, вакцинация, созылмалы ауруларды бақылау, алғашқы көмекке жаттығулар.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру: темекі шегуден бас тарту, физикалық белсенділік, спорттық іс-шаралар, ақпараттық науқандар.
Әлеуметтік қолдау: тамақ сапасын жақсарту, демалыс аймақтарын ұйымдастыру, қызметкерлерге қолдау көрсету.
Еңбек қауіпсіздігі: нұсқауларды сақтау, жабдықты дұрыс пайдалану, жұмыс орнын ұқыпты ұстау, ЖҚҚ пайдалану. Семинарға барлық қатысушылар толық түсіндірме алды.