
2026 жылғы 6 қаңтарда Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Магистральдық желінің Қызылорда бөлімшесі» сигнализация және байланыс дистанциясы (ШЧ-39) мекемесінің мәжіліс залында «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» сервистік бағдарламалық өнімін іске асыру аясында семинар өткізді.
Іс-шара ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту және өндірістік бақылау деректерін жүргізу мен енгізу тәртібі мәселелерін талқылау мақсатында ұйымдастырылды.
Семинарға «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Батыс» өңірлік филиалының Қызылорда учаскесі, «NOMADAS» ЖШС, «ARLAN-TRANS-ASTANA» ЖШС, «Марал-Нұр» ЖШС, «Вагонсервис» АҚ Қызылорда учаскесі, «Қорқыт Ата әуежайы» АҚ, «Қазаэронавигация» РМК Қызылорда филиалы, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Теміржолсу-Қызылорда» ЖШС, «Medlife» ЖШС мамандары қатысты.
Семинар барысында мамандар барлық қойылған сұрақтарға толық түсіндірме алды.