
2026 жылғы 06 ақпанда «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» сигнализация және байланыс дистанциясы (ШЧ-39) мекемесінің мәжіліс залында Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы З.М. Сансызбаеваның қатысуымен «Дені сау жұмыс орындары» жобасы аясында семинар өткізілді. Іс-шара Қостанай көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 24-36-12-11/1204-И хатына және 2026 жылға арналған негізгі ұйымдастыру іс-шараларын орындау мақсаттарына сәйкес ұйымдастырылды. Семинар барысында кәсіпорын қызметкерлері денсаулықты нығайту және созылмалы аурулардың алдын алу бойынша маңызды ақпарат алды, сондай-ақ барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.