Мемлекеттік қызметкерлердің мінез-құлық стандарттары бойынша семинар өткізілді

Мемлекеттік қызметкерлердің мінез-құлық стандарттары бойынша семинар өткізілді

2026 жылғы 28 қаңтарда Қостанай бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында «Мемлекеттік қызметкерлердің мінез-құлық стандарттары және қызметтік әдеп» тақырыбында жалпыоқыту семинары өткізілді. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің негізгі талаптары түсіндірілді. Қызметкерлерге заңдылық, адалдық, бейтараптық және азаматтардың құқықтарын құрметтеу қағидаттарын сақтау қажеттігі атап өтілді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің сыртқы келбеті іскерлік стильге сай болып, мемлекеттік органның беделін нығайтуға ықпал етуі тиіс екендігі айтылды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және ашықтық қағидаттарын сақтау мәселелері де қарастырылды.