Туберкулез және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша семинар өткізілді

Туберкулез және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша семинар өткізілді

Қостанай бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлері арасында құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес «Көлік қызметкерлері арасында туберкулез тіркелген жағдайларда эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында жауапкершілік пен адалдық қағидаттарын нығайту. Іс-шара барысында туберкулез ауруы тіркелген жағдайларда эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру кезінде туындауы мүмкін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері қарастырылды. Семинар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін дамытуға бағытталды.