
2026 жылғы 3 ақпанда Ақмола бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Круиз» туристік агенттігінде қызметкерлер мен туристерге арналған «Нипах вирусы және экзотикалық елдерге шығатын туристер үшін аса қауіпті инфекциялардың алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.
Семинардың мақсаты – эндемиялық елдерге баратын қазақстандық туристер арасында инфекциялардың таралуының алдын алу және шетелге сапарларды жоспарлау кезінде эпидемиологиялық жағдайды ескеру қажеттігін түсіндіру. Мамандар жарқанаттармен және басқа да жануарлармен байланыстан аулақ болу, жеке гигиена талаптарын сақтау, жемістер мен көкөністерді тұтынар алдында мұқият жуу және қабығын аршу, сондай-ақ сапардан кейін дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, жөтел немесе өзге де белгілер пайда болған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну қажеттігі жөнінде кеңес берді. Семинар барысында қатысушыларға ақпараттық буклеттер мен жадынамалар таратылды. Іс-шара соңында барлық қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.