Көлік қызметкерлерінің мерзімді медициналық қарап-тексерулердің қорытындылары шығарылды

Көлік қызметкерлерінің мерзімді медициналық қарап-тексерулердің  қорытындылары шығарылды

2026 жылғы 02 ақпан
Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Шет ауданының ауруханасы» ШЖҚ КМК Ақадыр станциясының ауылдық ауруханасы ұйымдастырған Ақадыр станциясының көлік қызметкерлерінің мерзімді медициналық қарап-тексеру нәтижелерін қорытындылау отырысына қатысты. Теміржол ұйымдарының өкілдерімен жүргізілген жұмыс барысында мерзімді міндетті медициналық қарап-тексерулерді өткізу мәселелері талқыланып, тұмау мен қызылшаның алдын алу шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара аясында қызылша және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша ақпараттық жадынамалар таратылды.