Ұнды фортификациялау бойынша ақпараттық-түсіндіру семинарының өткізілуі

Ұнды фортификациялау бойынша ақпараттық-түсіндіру семинарының өткізілуі

2026 жылғы 29 қаңтар

Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 2026 жылға арналған негізгі ұйымдастыру іс-шаралары жоспарының негізінде «Ұнды фортификациялау» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту мақсатында Қызылорда қаласы, Егізбаев көшесі №27 мекенжайында орналасқан шағын наубайханада наубайхана қызметкерлері арасында ақпараттық-түсіндіру семинарын өткізді. Семинар барысында фортификациялау ұғымы түсіндірілді. Фортификациялау – ұнды витаминдер мен микроэлементтермен, атап айтқанда ұнтақтау процесінде витаминдер мен минералды заттарды қосу арқылы байыту, бұл өнімнің тағамдық құндылығы мен сапасын арттыруға бағытталған. Қазіргі уақытта репродуктивті жастағы әйелдер мен 14 жасқа дейінгі балалар арасында темір мен фолий қышқылының жетіспеушілігі жиі кездесетіні, оның анемияға әкелуі мүмкін екені атап өтілді. Мұның негізгі себептері – бірсарынды тамақтану, тағамды сақтау және өнеркәсіптік өңдеу барысында микроэлементтердің жоғалуы. Микроэлементтердің жетіспеушілігінің алдын алудың тиімді жолдарының бірі – тағам өнімдерін байыту екені түсіндіріліп, қатысушылардың сұрақтарына толық жауаптар берілді.