
2026 жылғы 29 қаңтарда
Медицина саласындағы ақпарат көздерінің көптігіне қарамастан, халық арасында медициналық-санитарлық сауаттылықты арттырудың маңызы зор.Ұлытау облысының көлік қызметкерлері арасында созылмалы С вирустық гепатитінің тіркелуіне байланысты жүргізіліп жатқан эпидемиологиялық тергеу аясында инфекцияның таралуының алдын алу және гигиеналық сауаттылықты арттыру мақсатында Жаңаарқа бөлімшелік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының маманы «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Қарағанды магистральдық желісінің бөлімшесі» «Жаңаарқа жол дистанциясы» қызметкерлері (байланыста болған тұлғалар) арасында екі ақпараттық семинар өткізді.Семинар барысында В және С вирустық гепатиттері ең ауыр аурулар қатарына жататыны, олардың жиі созылмалы түрге ауысып, бауыр циррозы мен қатерлі ісікке әкелуі мүмкін екені түсіндірілді. С вирустық гепатитінің жұғу жолдары – қорғалмаған жыныстық қатынас, ластанған қан мен оның компоненттерін құю, сондай-ақ өңделмеген медициналық құралдар мен косметикалық процедуралар (татуировка, пирсинг, маникюр, педикюр) екені атап өтілді. Аурудың алдын алуда жеке гигиена талаптарын сақтау маңызды екені жеткізілді. С гепатитін қайта жұқтыру мүмкін екені де ескертілді. Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтарына толық жауаптар беріліп, вирустық гепатит пен жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша жадынамалар таратылды.