
2026 жылғы 02 ақпан
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, тамақтан уланудың алдын алу, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын түсіндіру мақсатында Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Қарағанды облысы кәсіпкерлер Палатасының «Атамекен» филиалы өкілінің қатысуымен Қарағанды жолаушылар вокзалында тамақтану саласында қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлер арасында ZOOM платформасында бейнеконференция форматында ақпараттық-түсіндіру онлайн-іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында мерзімді медициналық тексерулерден уақтылы өту, өндірістік бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері қарастырылды. Қатысушылардың пікірлері тыңдалып, қойылған сұрақтарға толық әрі жан-жақты жауаптар берілді.