Экологиялық мониторинг жүргізілді

Экологиялық мониторинг жүргізілді

2026 жылғы 03 ақпан

Қарағанды көлік өңірінің темір жол станциялары халқының денсаулығына химиялық факторлардың әсері туралы сенімді ақпарат алу, аурулардың пайда болуының алдын алу бойынша орындалатын іс-шаралардың тиімділігін бағалау және олардың туындауын болжау мақсатында, сондай-ақ қажет болған жағдайда қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту бойынша шаралар қабылдау үшін Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) тұрақты негізде қоршаған ортаға мониторинг жүргізеді. Басқарма мамандары «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалы қызметкерлерінің қатысуымен Қарағанды – Сұрыптау станциясындағы селитебтік аумақтардың бақылау нүктелерінде, теміржол көлігінің әсер ету аймағында өтіп бара жатқан теміржол жылжымалы құрамдарынан шығатын шу деңгейі мен атмосфералық ауаның ластануына мониторинг ұйымдастырып, жүргізді.Зерттеу нәтижелері бойынша шу деңгейі мен атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың концентрациясы шекті рұқсат етілген нормалардан аспағаны анықталды.