
2026 жылғы 02 ақпан
«Салауатты жұмыс орындары» жобасы аясында Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Ақадыр станциясында орналасқан «Real-trans 2020» ЖШС-нің инженерлік-техникалық қызметкерлері арасында дөңгелек үстел форматында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді. Іс-шара барысында салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастыру, жұмысшылардың денсаулығын нығайту, уақытша еңбекке қабілетсіздік мәселелері және мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары қарастырылды. Іс-шара соңында созылмалы обструктивті өкпе ауруының, жүрек-қан тамырлары ауруларының, туберкулез бен қызылшаның алдын алу бойынша ақпараттық материалдар таратылды.