
2026 жылғы 02 ақпан
Жамбыл бөлімшелік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 22–29.01.2026 ж. аралығында ТОО «Теміржол жөндеу» филиалы «ПМС- Берлік» жүргізушісінде тіркелген «оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі» жағдайын тергеу жүргізді.Бұрын кәсіпорында туберкулез тіркелмеген. Ауру адам әлсіздік, тыныс алу қиындауы сияқты шағымдарымен Тараз қаласындағы облыстық көпбейінді ауруханаға өздігімен қаралып, бастапқыда миокард инфаркті диагнозымен госпитализацияланған. ПЦР әдісімен туберкулез анықталған. 09.01.2026 ж. ауруханадан шыққан соң, 14.01.2026 ж. тұрғылықты жерінде есепке алынды.Ауру жұмыс кезінде арнайы вагондарда, қауіпсіз еңбек және санитарлық жағдайларда құрал-жабдықтарды тасымалдаумен айналысқан, жұмыс маусымдық (15 күн жұмыс, 15 күн демалыс). Барлық санитарлық шаралар, дезинфекция және мойка толық қамтамасыз етілген. Контакт тұлғалар – 15 адам – 19–20.01.2026 ж. флюорографиядан өтті, өкпе патологиясы анықталған жоқ. Тергеу барысында санитарлық нормалардың бұзылуы анықталмады. Барлық алдын алу шаралары орындалды.