Жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша ақпараттық-ағарту жұмыстары жүргізілді

Жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша ақпараттық-ағарту жұмыстары жүргізілді

2026 жылғы 02 ақпан

Гигиеналық сауаттылықты арттыру және жұқпалы аурулардың, соның ішінде ерекше қауіпті инфекциялардың таралуының алдын алу мақсатында Ақадыр станциясының ТД-11 айналым депосының қызметкерлерінің арасында медициналық пунктте Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары тырысқақ және туберкулездің алдын алу бойынша ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында тыңдаушылардың барлық сұрақтарына толық жауап беріліп, білімді бекіту үшін жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу бойынша ақпараттық материалдар таратылды.