
2026 жылғы 02 ақпан
Теміржол көлігі объектілерінде инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың, уланулардың және инфекциялық-паразиттік аурулар өршуінің алдын алу мақсатында 2026 жылғы 29 қаңтарда Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Ақадыр станциясының теміржол вокзалы аумағында орналасқан жеке кәсіпкерлерге, теміржол қызметкерлеріне және жолаушыларға арналған радиодәріс өткізді. Радиодәріс барысында қызылшаның және адам папиллома вирусының (АПВ) алдын алу мәселелері қамтылды. Іс-шара соңында инфекциялық аурулар бойынша ақпараттық жадынамалар таратылды.