
2026 жылғы 16 қаңтарда Департамент және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері үшін семинар-жиын өткізілді. Іс-шараға Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Г.Н. Зада және Ішкі қауіпсіздік бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б.Ү. Қуанышбаев қатысты.Семинар барысында мемлекеттік қызметшілер әдебі, 2026 жылға арналған құқықтық жалпы оқыту жоспарының жекелеген тармақтарын іске асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты түсіндірілді.Сонымен қатар, 2024–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының 2025 жылғы IV тоқсандағы орындалу нәтижелері талқыланды. Іс-шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.