
2026 жылғы 15 қаңтарда Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық мамандары, Қарағанды қаласының «Galakлиника» ЖШС медициналық орталығы ұйымдастырумен болған Қарағанды-Сұрыптау станциясының көлік жұмыскерлерінің мерзімді медициналық қарап-тексеру нәтижелерін қорытындылау отырыстарына қатысты. Теміржол ұйымдарының өкілдерімен жұмыс барысында мерзімді міндетті медициналық тексерулер жүргізу мәселелері талқыланып, тұмаудың, жіті респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ), COVID-19 короновирустық инфекциясының, туберкулездың алдын алу мәселелері түсіндірілді.Сондай-ақ, тұмау мен басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша жадынамалар таратылды.