«Салауатты жұмыс орындары» жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

«Салауатты жұмыс орындары» жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

2025 жылғы 30 желтоқсанда Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандарымен «Салауатты жұмыс орындары» жобасы аясында Қарағанды-Сұрыптау станциясында орналасқан «REM-ZHOL.KZ» ЖШС-нің, «Қамқор-Локомотив» ЖШС филиалының инженерлік-техникалық қызметкерлерінің арасында (ИТҚ) арасында дөңгелек үстел түрінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аудиторияға салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауды қамтитын «Салауатты жұмыс орындары» ұғымы жеткізілді, жұмысшылар мен қоғамның денсаулығын нығайту жөніндегі жобаның бағыттары түсіндірілді және тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері талқыланды. «Салауатты жұмыс орындары» жоба шаралары:
- қауіпсіз физикалық өндірістік ортаны қамтамасыз ету;
- медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру;
- ұйымдағы психоәлеуметтік ортаны сауықтыру;
- басшылықтың жауапкершілігін арттыру.
Жұмыс соңында, созылмалы обструктивті өкпе ауруымен (СОӨА) алдын алу, туберкулездің, тұмаудың алдын алу бойынша жадынамалар мен буклеттер таратылды.