
2025 жылғы 11 желтоқсанда Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелері қызметкерлері үшін «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын түсіндіру және тәуелділіктердің алдын алу: алкоголизм, лудомания және есірткі заттарын қолдану» тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шара Департамент басшысы Уразалина Жанар Амангельдыевнаның төрағалығымен өтті. Өз сөзінде ол қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттырудың, қызметтік әдепті сақтаудың және заңнамада көзделген шектеулерді қатаң орындаудың маңыздылығына назар аударды.
Семинар барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Байғаскина Зина Сапуанқызы баяндама жасап, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын және мемлекеттік қызметшілер арасындағы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын алу бағыттарын түсіндірді.
Сондай-ақ Қалалық психикалық денсаулық орталығының нарколог-дәрігері, «Астана медицина университеті» КЕАҚ психиатрия және наркология кафедрасының ассистенті Қойшыбеков Тоқтар Төлеуханұлы «Тәуелділіктердің алдын алу: алкоголизм, лудомания және есірткі заттарын қолдану» тақырыбы бойынша баяндама жасап, тәуелділіктердің қалыптасу белгілері, қауіп факторлары және олардың алдын алудың заманауи тәсілдері туралы жан-жақты ақпарат берді.
Өткізілген іс-шара қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, корпоративтік мәдениетті нығайтуға, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және тәуелділіктердің алдын алу мәселелеріне саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етті.