«Эйр-Астана» компаниясы қызметкерлері үшін менингококк инфекциясының алдын алу бойынша семинар өткізілді

«Эйр-Астана» компаниясы қызметкерлері үшін менингококк инфекциясының алдын алу бойынша семинар өткізілді

2025 жылғы 09 желтоқсанда Астана қаласының санитарлық-карантиндік бақылау мамандары «Эйр-Астана» акционерлік қоғамы қызметкерлері үшін «Менингококк инфекциясының алдын алу шаралары» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында басқарма мамандары менингококк инфекциясына қатысты еліміздегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады.
Сонымен қатар, менингококк инфекциясы, оның таралу жолдары, белгілері және алдын алу шаралары туралы толық ақпарат берілді.
Қатысушыларға менингококк инфекциясы бойынша ақпараттық парақтар таратылды, бұл инфекциядан қорғану шараларын күшейтіп, оның ықтимал таралуын болдырмауға мүмкіндік береді.