Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшінің әдеп нормалары бойынша оқыту семинары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшінің әдеп нормалары бойынша оқыту семинары

2025 жылғы 5 желтоқсанда Департамент және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері үшін Ішкі қауіпсіздік бөлімі (Б.Ү. Қуанышбаев) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы Ж.А. Халеловтың, сондай-ақ Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілеттісі Г.Н. Заданың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы қолданудың өзекті мәселелері туралы» және «Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл. Мемлекеттік қызметшінің әдебі мен имиджі» тақырыптары бойынша оқыту-түсіндірме семинары ұйымдастырылып өткізілді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы қолданудың өзекті мәселелері туралы» баяндамасында саладағы заңнаманы қолдану кезінде туындайтын негізгі мәселелер мен олардың алдын алу тәсілдері атап өтілді. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан іс-шаралар жөнінде ақпарат берілді.

«Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл. Мемлекеттік қызметшінің әдебі мен имиджі» тақырыбындағы баяндамада мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын орындау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этиканы жұмыс уақытында және жұмыстан тыс уақытта сақтауының маңыздылығы атап өтілді. Мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджін қалыптастыру мәселелері жан-жақты талқыланды.

Іс-шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына толық әрі нақты жауап алды.