COVID-19 эпидемиологиялық жағдайы және алдын алу мәселелері бойынша семинар

COVID-19 эпидемиологиялық жағдайы және алдын алу мәселелері бойынша семинар

2025 жылғы 04 желтоқсанда Астана қаласының санитарлық-карантиндік бақылау мамандары «АҚҚ» авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлеріне
«COVID-19 эпидемиологиялық жағдайы. Алдын алу мәселелері» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында COVID-19-дың жұқтыру жолдары, негізгі белгілері және жеке әрі ұжымдық алдын алу шаралары түсіндірілді. Мамандар вакцинацияның маңыздылығын және күдікті белгілер пайда болғанда дер кезінде медициналық көмекке жүгіну қажеттігін атап өтті.

Қатысушыларға әуежай аумағында респираторлық белгілері бар тұлғаларды анықтау кезіндегі іс-қимылдар бойынша тәжірибелік ұсыныстар берілді. Семинар қорытындысында қызметкерлерге алдын алу жөніндегі ақпараттық жадынамалар таратылды.