Петропавл теміржол вокзалында ЖИТС-тің алдын алу бойынша ақпараттық акция өткізілді

Петропавл теміржол вокзалында ЖИТС-тің алдын алу бойынша ақпараттық акция өткізілді

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында 1 желтоқсанда Ақмола бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Петропавл теміржол вокзалында Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығы және ЖИТС орталығының мамандарымен бірлесіп ақпараттық-алдын алу акциясын өткізді.

Қоғамдық және қолжетімді орындарда мұндай іс-шараларды өткізу АИТВ-нің алдын алу бойынша маңызды ақпаратты көпшілікке жеткізуге мүмкіндік береді. Шара барысында профилактикалық шаралар, тестілеудің маңызы туралы түсіндіріліп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді. Акцияға 200-ге жуық адам қатысты. Біз әрбір қатысушы өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңызын түсінеді деп сенеміз.

Іс-шара соңында барлық қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.