
Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Қызылорда станциясының теміржол вокзалында аса қауіпті жұқпалы ауруға (оба) күдікті жағдай бойынша оқу-жаттығу өткізді.
Оқу-жаттығудың мақсаты – ауру ошағын оқшаулау және жою кезінде қызметтердің өзара іс-қимылын жетілдіру. Жедел жоспарға сәйкес барлық медициналық ұйымдар, төтенше жағдайлар департаменті, теміржол басшылығы және құқық қорғау органдары хабардар етілді.
Іс-шараға басқарма, «Марал-Нұр» ЖШС, обаға қарсы күрес станциясы, облыстық инфекциялық аурухана, жедел жәрдем және желілік полиция бөлімшесінің мамандары қатысты. Қызметтердің дайындық деңгейі мен өзара әрекеттесуі жоғары деңгейде көрсетілді.