Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған ақпараттық-ағарту іс-шарасы

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған ақпараттық-ағарту іс-шарасы

Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Қарағанды теміржол вокзалында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған ақпараттық-ағарту іс-шарасын өткізді.
Қатысушыларға АИТВ-инфекциясы, оның таралу жолдары, алдын алу әдістері, тестілеу мен емдеудің қолжетімділігі туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ адам папиллома вирусы (АПВ) туралы мәліметтер ұсынылды.
Іс-шараға теміржол қызметкерлері мен жеке кәсіпкерлер қатысты. Тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беріліп, жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу бойынша материалдар таратылды.