Шымкент өңірінде теміржол көлігінің әсер аймағында атмосфералық ауаның ластануын мониторингтеу

Шымкент өңірінде теміржол көлігінің әсер аймағында атмосфералық ауаның ластануын мониторингтеу

Жүк вагондарының қозғалысына байланысты атмосфералық ауаның ластану мүмкіндігін (тепловоз дизельдерінің шығарындылары, сусымалы жүктердің шаңдануы, цистерналардағы ақаулардан болатын ағулар және т.б.) ескере отырып, Шымкент бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Түркістан облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» филиалының мамандарымен бірлесіп атмосфералық ауаның сапасына кезекті мониторинг жүргізді.

Зерттеулер теміржол көлігінің әсері байқалатын селитебтік аумақта, Түркістан–Арыс, ст. Шымкент–Түлкібас, ст. Манкент–Сарыағаш учаскелерінде орналасқан бақылау нүктелерінде жүргізілді.