Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша оқыту семинары өтті

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша оқыту семинары өтті

2025 жылғы 28 қарашада Департамент және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері үшін Ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы Б.Ү. Қуанышбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдістері. Әлем елдерінің тәжірибесі» тақырыптары бойынша оқыту семинарын өткізді.

Семинар барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың құқықтық негіздері, мемлекеттік органдардағы алдын алу шаралары, сондай-ақ адалдық мәдениетін қалыптастырудың маңызы туралы айтылды. Дүниежүзі елдерінің антикоррупциялық тәжірибелері мен қолданылатын әдістері жөнінде ақпарат берілді.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауының, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу шараларын күшейтудің маңыздылығы атап өтілді.

Қатысушылар өз сұрақтарына толық жауап алды.