
22–23 қазан күндері Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығымен және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілдігімен бірлесіп «АПВ-ға қарсы вакцинация туралы сұрақтар мен жауаптар» тақырыбында журналистерге арналған семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты — Жамбыл облысының белсенділерін, соның ішінде дәрігерлерді, блогерлер мен журналистерді біріктіре отырып, жатыр мойны обырының алдын алу және адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинацияның маңыздылығы туралы халықтың хабардарлығын арттыру.
Семинар барысында қоғамдық денсаулық сақтау саласының жетекші мамандарынан сенімді ақпарат алуға, сондай-ақ өңірдің ақпараттық кеңістігінде АПВ-ға қарсы вакцинация тақырыбын сапалы түрде жария етуге мүмкіндік берілді.
Семинар жұмысына Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жөніндегі Жамбыл бөлімшелік басқармасының басшысы С. Қожанбекова қатысты.