
Астана қаласының санитарлық-карантиндік бақылау мамандары «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» халықаралық терминалының тазалық қызметі қызметкерлеріне «Денге безгегі: эпидемиологиясы, клиникасы және алдын алу шаралары» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Кездесу барысында денге безгегінің Aedes тұқымдас масалары арқылы таралатыны, аурудың негізгі белгілері — жоғары температура, бұлшық еттің ауыруы, бөртпе және әлсіздік екені түсіндірілді.
Сондай-ақ тазалықты сақтау, тұрып қалған суды жою, масалардың көбеюіне жол бермеу және жеке қорғаныш құралдарын — қорғаныш киімді мен репелленттерді қолданудың маңызы ерекше атап өтілді.
Семинар соңында қатысушыларға денге безгегінің алдын алу жөніндегі ақпараттық жадынамалар таратылды.