"Вакцинацияның рөлі және аурулардың алдын алу шаралары" тақырыбында семинар өткізілді.

"Вакцинацияның рөлі және аурулардың алдын алу шаралары" тақырыбында семинар өткізілді.

Атбасар бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын арттыру және профилактикалық шаралар туралы түсіндіру мақсатында «ҚТЖ «ҰК» АҚ» филиалының Атбасар станциясы қызметкерлері үшін семинар өткізді.
Семинар барысында мамандар «АПВ-ға қарсы вакцинацияның рөлі», «ЖРВИ және тұмаудың алдын алу», «Артериялық гипертензияның профилактикасы» тақырыптарында баяндама жасап, жұқпалы және инфекциялық емес аурулардың алдын алуда вакцинацияның маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында қатысушыларға адам папилломавирусы инфекциясының (АПВ) таралу жолдары, қауіптілігі және оның алдын алу әдістері жөнінде толық ақпарат берілді. Сондай-ақ, артериялық гипертензияның алдын алу және маусымдық жұқпалы аурулардан қорғану бойынша практикалық ұсыныстар талқыланды.
Семинар соңында қатысушыларға ақпараттық жадынамалар мен түсіндірме материалдары таратылды.