2025 жылғы 14 қазанда Астана қаласының санитарлық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері арасында «Қызылша» тақырыбында семинар өткізді.
Іс-шара барысында аурудың белгілері, берілу жолдары және алдын алу шаралары түсіндірілді.
Қызылша – ауа-тамшылы жолмен берілетін қауіпті жұқпалы ауру. Бұрын ауырмаған және екпе алмаған адамдардың барлығы дерлік жұқтырады.
Ауру суық тию белгілерінен басталады: дене қызуы 38–40 °C, жөтел, мұрынның бітелуі, әлсіздік, көздің қызаруы. 3–5 күннен кейін денеде бөртпе пайда болып, тез таралады.
Қызылшаның алғашқы белгілерінде дереу дәрігерге қаралу қажет.
Вакцинация – ауру мен оның асқынуынан қорғанудың жалғыз сенімді жолы.
Семинар қатысушыларына қызылшаның алдын алу бойынша жадынамалар таратылды.