Тұмау кенеттен басталады – дене қызуы жоғарылайды, қалтырау, бас және бұлшықет ауыруы, әлсіздік пайда болады.
ЖРВИ біртіндеп дамиды – тамақ қышуы, мұрыннан су ағу, температура әдетте 38 °C-тан аспайды.
Вакцинация – ең тиімді қорғаныс тәсілі, аурудың ауыр түрінен және асқынулардан сақтайды.
Алдын алу шаралары:
• қоғамдық орындарда бетперде киіңіз;
• қолды сабындап жуыңыз;
• үй-жайды жиі желдетіңіз;
• ауырғанда жұмысқа бармаңыз.
Маңызды:
Белгілер байқалса, өзін-өзі емдемей, дәрігерге жүгініңіз.