
2025-2027 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сәйкес, 29 қыркүйек күні Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандарына ақпараттық семинар өткізілді. Іс-шарада заң алдындағы теңдік, құқықтарды қорғау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды.