
Алматы бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 2025 жылғы 19 қыркүйекте бақылауындағы теміржол және әуе жол көлігіндегі объектілерде міндетті медициналық қарап-тексеруге жататын адамдардың тізімін жасайтын және жұмыскерлерді сауықтыру мен еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар жоспарын әзірлейтін мамандар үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығы талаптары бойынша семинар өткізді.
Семинар барысында міндетті мерзімдік медициналық қарап-тексерулердің жұмыс істейтіндердің денсаулығын динамикалық бақылауды қамтамасыз ету, аурулардың бастапқы белгілерін уақтылы анықтау, жалпы және кәсіптік аурулардың алдын алу, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында уақытылы жүргізілетіні түсіндірілді. Қойылған барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.