Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскері күнін атап өтті

Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскері күнін атап өтті

Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік жиынға қызмет ардагерлері – Шайсултанов Кенжебек Шайсултанұлы және Өтесейітов Жақсыгелді Каңгерейұлы қатысты. Іс-шара барысында департамент басшысы Ж.А. Уразалина кіріспе және құттықтау сөз сөйлеп, ұжымның еңбегіне жоғары баға берді.
Бұл мереке күн сайын халық денсаулығын қорғау жолында еңбек етіп, көлік инфрақұрылымы нысандарында санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз етіп жүрген қызметкерлерге алғыс білдіруге мүмкіндік болды.
Іс-шара барысында мамандардың кәсіби шеберлігі, жауапкершілігі және инфекциялық аурулардың алдын алу, нысандардың санитариялық жағдайына бақылау жасау, сондай-ақ жолаушылар мен көлік саласы қызметкерлері үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға қосқан үлестері ерекше аталды.
Қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С.С. Бейсенованың және Көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Ж.А. Уразалинаның Құрмет грамоталары табысталды.
Департамент басшылығы ұжымға өз ісіне адалдығы үшін алғыс айтып, халық денсаулығын қорғау ісінде жаңа табыстарға жетуді тіледі.