Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында департаменттің бірқатар қызметкері кәсіби жетістіктері мен ұжымдағы белсенділігі үшін грамоталармен марапатталды. Бұл марапаттар қызметкерлердің еңбегін бағалап, олардың қызметке адалдығын айқындайды.
Мерекелік шара жылы және достық атмосферада өтті, ұжымдық рухты нығайтып, Конституцияның нормаларын сақтау маңыздылығын көрсетті.