2025 жылғы 27тамызда «Құрық теңыз портының» шекара бақылау қызметкерлеріне Құрық порты санитарлық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары «Чикунгунья вирусының алдын алу» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Семинар барысында вирустың таралу жолдары, клиникалық белгілері және алдын алу шаралары жан-жақты талқыланды. Қызметкерлерге маса шағуынан қорғану, жолаушыларды ақпараттандыру, эпидемиологиялық сақтықты сақтау және күдік туындаған жағдайда дереу әрекет ету қажеттігі ескертілді.
Іс-шара соңында қатысушыларға ақпараттық жадынамалар мен ұсынымдар таратылып, инфекцияның таралуын болдырмау бойынша нақты кеңестер берілді.